ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАЙДЫ!
Жолдауға қолдау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Халқына Жолдауын жариялады.
Азаматтардың реформалары мен ұсыныстары үшін онлайн петиция жасайтын бірыңғай заңды институт құрылатын болды. Мұндай механизм қандай да бір манипуляциядан толығымен ада болуы тиіс. Президент, мәслихаттарға өңірді дамыту немесе жергілікті проблемаларға қатысты петиция жасау және қол жинау функциясын беру қажет, мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын да күшейту керек деді.
Үкімет пен есеп комитетіне заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеуді тапсырды. Міндетті түрде мәслихат отырыстарының онлайн трансляциясын енгізу қажет екенін, яғни халық қалаулыларының пікірталасы, олардың қоғамдық-саяси бейнесі қоғамнан жасырын болмауы тиіс деді. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуі тиіс, онлайн сауалнаманы да қолданған жөн деді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласын дамыту үшін жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарынан 500 ғалымды тағылымдамадан өткізуді тапсырды. Ғылым саласын дамыту үшін тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек екенін айтып өтті.
Президент шағын және орта бизнесті барлық қолданыстағы кредит бойынша 6 пайызға дейінгі мөлшерлемемен мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етуді тапсырды. Пандемия байланысты қиын жағдайға тап болған шағын және орта бизнеске мемлекеттен көмек көрсетілетін болатын болды.
2021 жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мороторий күшін жояды. Жер шетелдіктерге сатылмайтын болды. 2021 жылғы дейін шенеуніктердің 25 пайызы қысқартылып, үнемделген қаражат есебінен жұмыста қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.
Мемлекет басшысы қазіргі уақытта басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екенін атап өтті. Барлық мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық органы болатын стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылатындығын айтты.
Мемлекет басшысы ұстаздарға жаңа оқу жылында табыс тілеп, пандемияның уақытша құбылыс екендігін жеткізді. Президент Үкіметке балалар мен жастардың арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеуді тапсырды.
Ел азаматтарының мүддесін қорғау жөніндегі маңызды миссияны бұрынғыдай саяси партиялар атқара береді. «Нұр Отан» партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдындағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады. Азаматтарымыз реформаға қолдау білдіреді деп сенемін. Бірлігіміз бен ынтымағымыз берік болса барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.