Жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде
Облыс аумағында 5 аудан, нақтырақ айтсақ, Шу, Қордай, Жамбыл, Жуалы және Мерке аудандары шекара сызығымен шектесетін болғандықтан, шекара жолағын 30 метрден 100 метрге ұлғайту бойынша жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Шу ауданы бойынша 200 га жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша барлық шаралар жүргізіліп, жер учаскесі шекара қызметіне табысталды. Қалған аудандар бойынша бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Бақтияр Көпбосынов, Жамбыл облысының әкімдігі Жер қатынастар басқармасының басшысы