Жерді игеретін ақша бар!

Жерге байланысты митинг қанша тұрады? Нақтырақ айтсақ, митингтерге шыққан қазақстандықтар күннен-күнге құлдырап бара жатқан экономикамызға қандай салмақ салады?

Ерлан Асқарбеков, PR-шы клубының мүшесі:

.,m ijn

— Орын алған оқиғалардың экономикалық салдарлары туралы әңгіме қозғай отырып, қазір көпшілік, тіпті, бизнесмендердің өздері мүлдем түсінбей отырған үш аспектіні атап өткен жөн. Бірінші аспекті — ол Қазақстанның кез-келген агроинвестор үшін инвестициялық тартымдылығы. Менде мынадай ақпарат бар: біздің елге кіруді тіпті жоспарламаған, тек ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алуған ниеттенген қытайлық бір компания енді абыржып, қазақ бизнесмендерін не болды деген сұрақтың астына алуда.

Қытайлар туралы біз бір нәрсені түсінуіміз керек — олардың өркениеті үшін ең басты сенім мемлекет болып табылады. Сондықтан біздің президенттің шешімі оларды меніңше, бізге қарағанда көбірек тыныштандырды.

Екіншіден, Қытай тарихи тұрғыдан алғанда, біздің ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алуға мәжбүр. Бұрынғы министр бір жыл бұрын органикалық өнімдер туралы заңды өткізген болатын, енді біздің бидайдың, еттің, майдың әлемдік нарықтағы бәсекелестігі арта түсті. Ал сіз Қытай компартиясының жақында өткен съезі тағам сапасын көтеруді ұлттың басты басымдылығы ретінде жарияланғанын білесіз бе? Сондықтан — Қазақстан Қытайды тамақтандырады және елеулі қаржы табады — деген тарихи мақсат орындалады. Бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар. Біздің тарихи таңдауымыз тым қарапайым — бірлескен кәсіпорындарды (БК) біздің бизнесмендермен бірлескен қытайлық инвесторлар құрады, онда кірістердегі біздің үлесіміз азаяды. Әрине, мыңдаған жұмысшылар біздің елдің азаматтары болады, ал басқарушылардың бір бөлігі әрқайсысы жеке виза алған, біздің билік тарапынан мұқият тексеруден өткен қытайлық топ-менеджерлер болмақ.

Басқа балама — қаладағы біздің мультимиллионерлер мен миллиардерлер ұйқыдан оянады және ең мықты кәсіби шаруа қожалықтарымен бірлескен серіктестіктер құра бастайды.

Әрине, қазір жалған ақпарат алған оқырмандардың көпшілігі билікке наразы және фактілерге құлақ асқысы келмейді, сондықтан мен осы мәтінге қандай ақылға қонымсыз пікірлер білдіретіндерін түсінемін. Бірақ фактілер төмендегідей: біздегі орта және ірі олигархтық емес бизнестің инвестициялық әлеуеті осы сала тарихында құйылған барлық мемлекеттік субсидиялардан 100 еседей артық. Елімізде шамамен 7 мыңнан астам тұрақты кәсіби фермерлер (мен белсенді жұмыс істеп жатқан 70 мыңның 10 пайызын алып отырмын). Сондықтан инвестициялық үлкен мүмкіндіктер бар.

Мен, ең алдымен, Қазақстанның барлық қаржы және инвестиция директорларына, кәсібилерге үндеу тастағым келеді. Осындай балама болса, біздің бизнестің, әрине, бірден емес, 10-20 жылдан кейін Қытайдың (одан бөлек Үндістан және Пәкістан бар) ішкі нарығының 10-20 пайызын жаулап алу мүмкіндігі бар. Ал бұл нарық жылына 2 триллион доллар деңгейіне жақындап қалды.

Яғни, осы мақсатты орындау арқылы өз бизнесімізді жандандыру, қарапайым адамдарды жерде еңбек етуге қайтару, сөйтіп, әлеуметтік шиеленісті басып, экономиканы шикізат бағасындағы ауытқуларға тәуелділіктен арылтуға болады. Мәселенің шынайы бағасы, міне, осында — бұл елді дүрліктірген 10 сотық, жеке қосалқы шаруашылықтар емес, бұл — мыңдаған шаруа қожалықтарының, ел тағдыры. Бұл — біздің егемендігіміздің екінші деңгейі.

Сондықтан екінші аспект сондай маңызды — Кодекстің жаңа мәтініне мораторий ескі мәтінді де, осы жазға белгіленген аукциондарды да жоя алмайды. Жоғарыда айтылған тарихи қисынға сәйкес, өз басым кәсіби фермерлермен бірге жерді өңдейтіндерге жеке меншікке беруді қолдаймын, атап айтарлығы, олар органикалық тағамдарды дайындаудан бастап, бірте-бірте өзіндік құны неғұрлым қымбат тағамдарды өндіруге және оларды бизнес-сатуға көшетін болады.

Бұл — біздің тарихи стратегиямыз. Бірақ толғандыратын бір сұрақ — бұл бизнестегі ұлттық үлес қандай болмақ? 50 пайыз ба әлде 70-80 пайыз ба?

Қытай Халық Республикасының алғашқы 5 компаниясы біздің елге дәл осы БК әдісімен кірді, олар алғашқы 1,5 миллиард долларды әкелді. Бұл инвестициялардың тек бастауы. Қайталап айтамын — бұл миллиардтар біздің жеке кәсіпкерлерде және ортанқолды 40 мың компания мен 200 ірі бизнес-топтар да бар. Атап айтарлығы, аукциондарды мүмкін, кейінге қалдырар, бірақ олар бәрібір өткізілетін болады.

Үшінші аспект алаңдаушылық тудырады — ауылшаруашылығы мен оның комитеттері бас көтертпес сынның астында қалды, соңғы бес жылда жүзеге асырған сала реформалары сақтала ма және дамытыла ма? Біздің еліміздің аусылдан арылғанын дәлелдеу керек, мал тұқымын асылдандыру жұмысын қалыптандыру қажет. Фермерлерге тегін кеңес беретін білімді тарату орталықтарын құрып, оларға шығындарын бірлесіп қысқарту үшін кооперация туралы заңды дайындау керек. Сақтандыру туралы заңды реформалауды бастау — бұл қазір инвесторларды толғандыратын ең басты мәселе. Осы қадамдардың барлығын сақтау, түсіну және дамыту қажет.

Бірақ бізде, өкінішке қарай, көп ретте алдыңғы басшының бастаған ісін «жақсартамыз» деген желеумен бар нәрсені құрта бастайды.

Осы жолы шын жүректен біздің жалпыұлттық және мемлекеттік мүддеміз кланаралық жалған намыс пен қастықтан жоғары болады деп үміттенемін.

info.kz