Жерді ұтымды пайдалану

«Astana AgroForum 2018» аясында қоғам өкілдерінің, жергілікті атқарушы органдардың, қаржыгерлер қоғамдастықтарының, екінші деңгейдегі банктер, ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік органдарға IT-технологияларды енгізетін компаниялардың қатысуымен панельдік сессия өтті.
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің баяндамасында жер туралы заңнаманың жаңа нормаларын тағы да атап өтті. Осыған сәйкес ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер шетел азаматтарына жалға берілмейді, ауыл шаруашылық жерлерді жалға беру институттарын жетілдіріледі, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін шектік мөлшерлері белгіленген, шекара маңындағы аумақтарды ауыл шаруашылық жерлерін беруге қойылатын талаптарды күшейтіледі, ауылдық елді мекендер айналасындағы жайылымдардың жетіспеу мәселесі шешілетін болады, жерлерді ұтымды пайдалануға бақылау күшейтіледі.
Осыған байланысты, іс-шара қатысушыларымен келесі ұсыныстар енгізілді:
Біріншісі. Заңнамалық деңгейде ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді қосалқы жалға беруге рұқсат беру, осылайша жер пайдалану құқығының еркін айналымы үшін барлық жағдайларды жасайды. Алайда бұл процесс Мемлекет басшысының жарлығымен жер заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, мемлекет пен қоғамның қатаң бақылауда болуы тиіс. Сонымен қатар, қосалқы жалға алушылар болып, тек Қазақстан азаматтары мен субъектілері болуы екендігін анықтау өте маңызды. Осы шарттардың бәрі, сондай-ақ қосалқы жалдау үшін жер телімін алғандардың жауапкершілігі тиісті заң актілерінде көрсетілуі тиіс.
Екінші. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері жерлерін біріктіру жағдайларында, сондай-ақ шаруа қожалығынан ЖШС-ке, өндіруші компанияға немесе керісінше қайта құруы кезінде, жер учаскелерін қайта рәсімдеу тәртібін оңайлату. Ауыл шаруашылығы қызмет түрлеріне қарамастан жерді мақсатты пайдалануды өзгерту рәсімдерін жою (мал шаруашылығы кешендері, жылыжайлар және өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайларды, суару құрылыстары және т.б. құрылысы). Бірінші және екінші жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтары туралы ғана айтылады.
Үшінші. Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді және ғарыштық мониторингті практикада енгізу арқылы құқық қорғау органдарында олардың нәтижелерін пайдалану үшін тиісті заңнамалық базаны құру арқылы барлық жер пайдалану процестеріне қатаң бақылау жасау қажет.
Төртінші. Пайдаланылмаған жерлерді айналымға тартуға, мемлекеттің жер учаскелерін өз еркімен қайтаруға шаралар қабылдау үшін жерді пайдаланушыларды экономикалық тетіктермен ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығында салық саясатын жетілдіру қажет. Жер салығының базалық мөлшерлеменің мөлшерін қайта қарау қажет, оларды жердің түрімен сараланған жердің нарықтық құнына байлау керек (егістік жер, суармалы егістік жерлер, жайылымдар, шабындықтар). Сонымен бірге, бұл шара ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін жалпы салықтық жүктеменің ұлғаюына және тиісінше ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын төмендетуге алып келмеуі тиіс. Салық салуды жеңілдету және оның әкімшілігін жеңілдету үшін, жердегі жұмыс істейтіндер үшін бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын енгізу дұрыс болады, осындай жер пайдаланушылар санатын анықтайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com