Жергілікті инвесторлар форумы өтті
25 мамыр күні сағат 15:00-уақытта Атырау облыстық «Нұр Отан» филиалының алаңшасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті инвесторлар форумы өтті. Форумның негізгі бағыттары: сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, инвесторлардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және қолайлы инвестициялық климат құруға арналды.
Форум ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы-Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департамент басшысы Сейтбеков Құрмаш Әленұлының қатысуымен өткізілді.
Айта кету керек, Форумға Атырау облысының барлық салалары бойынша инвесторлары және мемлекеттік орган басшылары қатысты.
Мәліметтерге сәйкес облыста 8 мыңнан астам ірі, орта және шағын коммерциялық ұйымдар және 34 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер қызмет жасайды.
Өз кезегінде өңірімізде кәсіпкерлік субъектілерін тексеру, бақылау жүргізуге және тиісті рұқсаттар беруге құзыретті 42 мемлекеттік органдар бар.
Тиісінше, аталған мемлекеттік органдар тарапынан бизнес өкілдерін негізсіз тексеру, жасанды әкімшілік кедергілер жасау, тұтастай алғанда кәсіпкерліктің дамуына тұсау салу сыбайлас жемқорлық көріністерін туындататын мүмкіндік болып табылады – деді өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары М.Кариев.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департамент басшысы Қ.Сейтбеков өз сөзінде кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсы тұруға шақырды.
Шара барысында инвесторлар өз жұмыстарында кездесетін мәселелерге тоқталып, пікірлерін жеткізді.
Өз тілшіміз