Жергілікті жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылды

Кеше «Казфосфат», «Асыл тұз» ЖШС, аудандық электр жүйесі, «Қазақтелеком» АҚ ,«Евро-Хим-Тыңайтқыш»,«ҚазСода» компанияларының басшылары Жаңатас көпсалалы колледжінің жұмысымен танысып, білімгерлермен кездесу өткізіп, еркін форматта әңгімелестік.


Кездесуге Түркиядан «ҚазСода» зауытының өкілі келіп, болашақ жас мамандардың компанияда жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар екендігін жеткізді.


2007 жылы құрылып, сыйымдылығы 600 орынды қамтитын білім ошағында 468 білімгер тіркелген. Колледжде мүмкіндігі шектеулі – 14, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған — 7, жағдайы төмен отбасынан шыққан — 119 , бюджеттік негізде 456 бала білім алуда.

Қазіргі уақытта колледжде 11 мамандық, 14 біліктілік бойынша 24 топ оқып жатыр. 2021-2022 оқу жылының сандық көрсеткішіне тоқталсақ, 256 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білімдерін аяқтап, оның ішінде 191-і жұмыспен қамтылған.

Жалпы дуальды оқыту жүйесінде 167 білімгер білім алуда.

Айта керу керек, білімгерлердің біліктілігін арттырып, арнайы цехтар мен кешенді кәсіпорындарда тәжірибеден өткізу мақсатында 53 әлеуметтік серіктестермен келісімшарт жасалған. Олардың арасында «Қазфосфат» ЖШС, аудандық орталық аурухана, «Асыл тұз» ЖШС, аудандық электр жүйесі, «Қазақтелеком» АҚ , «Евро-Хим-Тыңайтқыш» ЖШС, «Алтын орда -2006» ЖШС, «Жаңару – 2000» ЖШС, «Жаңатас сервис» ЖШС т.б. мекемелер бар.

2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында «Казфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» ТКӨК мекемесінен 2-3 курстарының 146 білімгерлері іс-тәжірибеден өту үшін келісімшарт жасалынып, жоғары сұранысқа сай мамандарға қажеттілікті анықтау мақсатында «Казфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» ТКӨК-мен бірлесіп жұмыс атқаруда.

Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі