Жерлесіміз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

🔰25 қазан — Республика күніне орай Президент Жарлығымен еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып келе жатқан әр саланың мамандары мемлекеттік наградамен марапатталып, атақ алды.
🔰Сарысу ауданының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты актер Дулыға Ақмолдаға Қазақстанның халық әртісі атағы берілді.
🔰Дулыға Ақмолда 1993 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жемісті еңбек етіп келеді, театр және кино актері. Бірнеше көркем фильм мен телесериалдарда басты ролді сомдады.