Жерлестеріміздің туындылары – әлемдік көрмеде
Оралдық дизайнерлер Жамила Өтепқалиева мен Гүлім Еңсегенованың коллекциялары Дубай елінде өтіп жатқан дүниежүзілік «ЭКСПО-2020» көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды.
Мұндай сүйіншілер жаңалықпен Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бөлісті.
Атап айтқанда, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 17-18 желтоқсан күндері Дубайда қазақстандық дизайнерлердің сән апталығы өтті. Осы айтулы іс-шараға Орал қаласынан қос дизайнер – Ж.Өтепқалиева мен Г.Еңсегенова және «GS Production» сән мектебі қатысқан.
Ләззат ҚАЖЫМОВА
БҚО Орал қаласы