ЖЕСІРДІҢ ЕТЕГІН ЖЕЛ КӨТЕРЕДІ ЖЕЛ КӨТЕРМЕСЕ ЕЛ КӨТЕРЕДІ
21 жасымда тұрмысқа шығып 26 жасымда екі баламен жесір қалдым.
Жолдасым бір үйдің жалғыз ұлы болғансоң ата-енем немерелерінен жырақтағысы келмей мен ата-енеммен бірге тұрып жатырмын. Анау айтқандай тұрмыстық өмірімде балалық шағымда да тағдыр маңдайымнан сыйпаған жоқ. Ата енеме алғысым шексіз мені жұмыстан, той-томалақтан қалдырмай балаларға бас-көз болып отыр. Айтайын дегенім жолдасым қайтыс болған соң оның қоян-қолтық араласып журген достары маған бурынғыдай емес, басқа көзбен қарады. Тіпті куйеуім барда төрімізде жататын достары звандап, уатсап жазып маған өз сезімдерін білдіре бастады. Қонаққа барсам әйелдері куйеулерін қарадай қызғанып өзімді бірдеңе булдіргендей жаман сезімде отырып қайтатын болдым. Бір тойда мазамды алған біреуінің жолдасын екі бұттың арасынан тептім. Бунымен бул ангіме біткен жоқ жұмыста санымнан сыйпаған бастығыма столда турған қайшыны суғып алып, екеуміз сотастық ақыры мен өз құқығымды қорғап бастығым жұмыстан қуылды. Букіл коликтивтегі еркек атаулы осы жағдайдан кейін менен айналып өтетін болды…
Қит етсе жесір екеніңді біліп қалған шалбар кигендер жасына сай келмейтін қылықтар көрсетеді. Бәріне топрақ шашпаймын дегенмен мына заманда өзіңді өзің алып шықпасаң ешкім қорғансыз әйелгой деп қарамайды екен.
Айтайын дегенім біреу тағдырдың жазуымен жесір қалады енді біреу осындай еркектен опа таппайтынын білгенсоң басымды ажыратып алайын деп әртурлі себеппен жалғыз өмір суре бастайды. Ал сол әйелдерге тек қана жыныстық қатынас керек болып жүр деп таяз ойлайтын еркектер көп. Куле қарасаң етегіңе жармасады, сыйласаң суйеді деп ойлайды қарап отырсам ойы таяз надандар көп.
Бул қазыргі қоғамның дерті елдің қамын емес, етектің астын аңдып журген шалбар кигендерге қарның ашады. Бізде қазақта құқығын қорғаған адамды даукес дейді…
Ал құқығыңды қорғамасаң, етегіңді ел де, жел де көтеріп кетпесіне кім кепіл…