ЖЕТІ ҒАШЫҚ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Халық аузында, оның өлең-жырлары мен ертегі-эпостарында ежелден айтылып келе жатқан жеті ғашық сөзінің түп-төркіні Шығыс елдеріне аңыз, дастан болып тараған ғашықтық хикаяларымен сабақтас. Бұл фразеологизм қазақ ақындарының Шығыс әдебиетімен ежелден келе жатқан үрдісі үзілмеген байланысын аңғартатын тілдік дерек. Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақтың ақындары жеті ғашықтық бәрін жырға қосып, дастан жасаған.
Қазақтың жыршылары мен ақындарының шығармаларына екі нұсқада кездесетін жеті ғашыққа мыналар жатады: а) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғарра, Уәки-Күлшаһ.
ә) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Баһрам-Күләнда, Сейпілмәлік (Бәдіғұл) Жамал. Бозжігіт-Анула (кейнұсқадарда Қарашаш), Зияда-Хорлы (Хорлы-Ғайын).
Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабынан.
Әзірлеген: Бүркітбаева ГҮЛГАУҺАР
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы
ғылыми қызметкер