«ЖЕТІБАЙ-ЖАҢАӨЗЕН» АВТОЖОЛЫ ЖАҢАШЕ КЕЛБЕТКЕ ЕНД

Биыл Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар бірнеше автожол қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Серікбай Трұмов өңір халқымен есептік кездесуінде мемлекеттік «Нұрлы жол»бағдарламасы аясында нәтижелі жүзеге асқан бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды атап өтті.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда жалпы ұзындығы 158 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын қайта жаңарту жұмыстары өз мерзіміне сәйкес аяқталып келеді. Атап айтсақ, 85 шақырымдық«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» трассасы мен «Жетібай-Жаңаөзен» бағытындағы 73 шақырым жол жаңаша келбетке енді. Жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.

-Бұдан басқа, ұзындығы 126 шақырымнан астам «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала жері» бағытындағы асфальт жолдың және екінші кезеңді қалпына келтіру жұмыстары басталған «Атажолы» автомобиль жолын қайта жаңарту қарқынды жүргізілуде», – деді аймақ басшысы.

Айта кетсек, Маңғыстау облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 мың 977 шақырымды құрайды. Оның 1049 шақырымы республикалық маңызда, 1028,7 шақырымы облыстық, қалып тұрған 900 шақырымдай жолдың аудандық маңызы бар.

Есепті кезеңде автокөліктің барлық түріндегі жүк айналымы былтырғы жылы 8,5 млрд тоннаны құрады. Бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларынан 100 пайыз жоғары көрсеткіш.

Жолаушылар айналымының көлемі 4,7 млрд жкм құрап, 0,8 процентке артып отыр.

Былтыр 150 шақырымды құрайтын 4 жоба аяқталған, олар: «Құрық – порт Құрық» (22 км, 8,2 млрд.теңге) автожолын реконструкциялау және «Шетпе – Ұштаған» (54 км, 946 млн.теңге), «Ақтау – Форт – Шевченко – Қаламқас кен орны» (88-154 км, 668 млн. теңге), «Онды ауылына кіреберіс» (8 км, 138 млн.тенге) жолдарын орташа жөндеу. Осы жылы 275,4 шақырымды қамтитын 8 автомобиль жолдарының реконструкциясы мен жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Анықтама үшін: «Ата жолы» 1-кезең (51 км), «Ата жолы» 2-кезең (46 км) «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала» (29 км) «Шетпе-Қызан» (Тасмұрын-Мастек учаскесі, 36 км), «Тұщықұдық ауылына кірме жол» (29 км), «Форт-Шевченко-Таушық» автомобиль жолының 0-52 км учаскесін орташа жөндеу (52 км), «Қызан-Ақшымырау» автомобиль жолын орташа жөндеу (14,7 км) «Қызылсай-Сенек» автомобиль жолын орташа жөндеу (17,7 км).

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.