ЖЕТІБАЙЛЫҚ АҒАШ ШЕБЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛАДЫ
Керек Нұрсебепов 2019 жылдың мамырынан бастап ауылішілік такси қызметімен айналысады. Пандемия кезінде кәсібі уақытша тоқтап қалғасын, ағаштан қөлөнер, түрлі тұрмыстық бұйымдар жасап кәсібін дөңгелетіп отыр. Ағаш шебері әкімдіктен қаржылай қолдау сұрайды.
«Керек Нұрсебепов 14 тамыз күні өткен онлайн жеке-қабылдауыма хабарласып қолдау сұраған болатын. Онлайн қабылдаудан кейін тұрғынның үйіне барып кәсібімен таныстым. Әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қолдау білдіруге біз қашанда дайынбыз.» — деп мәлімдеді аудан әкімінің орынбасары Сымбат Төретаев.
Жеке кәсіпкер туындыларын өзінің ауласында орналасқан шағын цехта жасайды. Онда заманауи станоктар мен ою-өрнек салатын арнайы құрылғылар бар.
«Бүгінгі таңда Жетібай ауылының тұрғындарынан ағаш бұйымдарына тапсырыс қабылдап, отбасымды асырап отырмын. Аудан әкімінің орынбасары Сымбат Қуанышұлы өзі келіп, кәсібіммен танысып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант ұтып алуға мүмкіндік бар екенін айтты. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтіп, 2-3 адамды жұмыспен қамтып, арнайы ғимарат салғым келеді» — деді жеке кәсіпкер.
2019 жылыҚарақия ауданы бойынша 50 тұрғын 192,1 млн. теңге мөлшерінде төменгі пайызбен несие алды. Оның ішінде 39 азамат 133,9 млн. теңге көлемінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан», 11 азамат 58,3 млн. теңге мөлшерінде «Атамекен МикроҚаржы» серіктестігі арқылы несие алды. Нәтижесінде 50 жұмыс орны құрылды. 2020 жылы аталған бағытта 50 грант бөлінді. Бүгінгі таңда өтінімдер қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТ