ЖЕТІМДІК

Жаңа жыл қарсаңында. Балалар киімі дүкенінде немерелеріне киім-кешек алып жүрген егде тартқан бір əйел кенет суықтан бүрісіп, терезеден өзіне тесіле қарап тұрған баланы көріп шошып қалыпты. Іле-шала сыртқа шығып, əлгі бишара сəбиге ұрыса жөнеліпті «Неменеге телміріп тұрсың?!»- десе керек. Əлгі сəби самарқау ғана «Мен мейірімді де шапағатты құдайдың маған Аяз атадан бір жұп аяқ киім беріп жіберуін тілеп тұрмын депті».
Сəбидің жұқалтаң, жабырқау жүзіне қарап, аналық мейірімі оянған əйел баланы жетелеп ішке кіріпті де көптеген қысқы киімдер алып беріп, киіндіріпті. Егде əйел енді бұрылып жүре бергенде өзінен көз алмай қарап тұрған сəби, қолынан ұстап қалып «Сіз мейірімді де шапағатты құдайдың əйелісіз бе ?!»- деп таңырқай сұраған екен. Əйелдін көзінен жас парлап қоя беріпті.
Қайсар Қауымбек.