ЖЕТІМНІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ…….

Жазмыштан, озмыш жоқ-деген. Маңдайға жазылған тағдыр болмай қоймайды. Талқаның таусылса, тәтті ғұмырыңның өзін тастап кете барасың. Сондықтан ақіретіңе азық жина ағайын……
Алла тағала бір күні Әзірейіл періштеден сұрады-дейді. Осы кезге дейін күлген кезің болды ма? Жылаған кезің болды ма? Қорыққан кезің болды ма?-депті.
Сонда Әзірейіл періште айтыпты:
— Бір күні маған бір ер адамның жанын ал деп бұйырғаныңыз да оны бір аяқ киім жөндеушінің қасыннан таптым.
Сонда ол кісі етікшіге айтып отыр екен, маған етігімді мықты қылып тігіп беріңіз, бір жылға шыдасын-дегенді естіп күлдім, сосын оның жанын сол жерде алдым дейді.
Тағы бірде маған бұйырдыңыз бір әйел адамның жанын ал-деп.
— Ол әйелді мен шөл далада таптым, бірақ ол босану үстінде болды күттім кейін босанып болғасын оның жанын алдым, бірақ жетім қалған қыз балаға жаным ашыды, сол кезде егіліп жыладым- дейді.
— Ал енді тағы бірде маған бір кісінің жанын ал-деп бұйырдыңыз, ол кісінің үйіне жақындай бергенде, оның үйіннен жарық нұр шықты, жақындаған сайын нұр көбейе берді, сонда мен қатты қорықтым- деген екен.
Сол жарық нұрды білесіз бе не екенін?- дейді.
Алла тағала ол жарық баяғы жетім қалған қыз баланың жан дүниесі деген екен. Жетімнің қамқоршысы жаратушы Алла тағала екенін ұмытпайық ағайын.
Жетім көрсе жебей жүрген қазақ не деген дана халық еді……
МАҚСАТ СҚАҚОВ.