Жетісай жайнап келеді

Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас Мақтарал ауданында 300 мыңнан аса тұрғын бар. Бұл еліміздің батыс аймағындағы кейбір облыс халқына жетеқабыл десек, қателесе қоймаспыз. Осы ауданның орталығы Жетісай қайнаған тіршіліктің ортасындағы қала. Еліміздегі ақ алтынның орталығы саналатын Жетісайда мақта терімі мен мал шаруашылығын қоспағанда сауда орындары да жетерлік. Осыған байланысты бір кездері Жетісай қаласы ең лас қалалардың бірінен саналғаны ешкімге құпия емес. Бірақ бүгінде соның барлығы өткен күннің еншісінде қалды деп айтуға болады.

— Бүгінгі Жетісайды бұрынғы қаламен салыстыруға мүлде келмейді. Бұрын қаңырап жатқан жерлерге жол салынып, асфальтталды. Жарықтандыру мәселесі шешіліп жатыр. Көшелерге адамдар отыратын орындықтар қойылды. Бұрынғы қоқыс жатқан жерлерлерге ойын алаңшалары салынды. Көп қабатты үйлердің ауласында қисайып тұрған әжетханаларға дейін жөнделді. Көше атаулары қазақ және ағылшын тілдерінде жазылуда. Аудан орталығынан үлкен спорт алаңын салып жатырмыз. Бұлардың бірі демеушілердің арқасы болса, кейбірі қаланың бюджеті есебінен салынуда, — дейді Жетісай қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Есенбеков.

Байқап отырғандарыңыздай Жетісай қаласы көркейіп келеді. Бұны қалаға кірген сәттен бастап-ақ байқау қиын емес. Ең бастысы, осындай игі істер орта жолда тоқтап қалмай, жалғасын таба берсін деп тілейміз.

 Р. ШАЛҚАР.