ЖЕТІСТІК ПЕН ШЫН БАҚЫТ
Әрдайым нөмері бірінші болуға ұмтылу ұдайы басекелесуді, үнемі жарысуды қажет етеді. Бұл біріншіден стресс. Екіншіден, кызғаныш, жеккөру, өзін төмен санау, мақтаншақтық, өзімшілдік, тәкаппарлық секілді сезімдерді оятуы ықтимал. Үшіншіден, діттеген межеге жеткен соң көп жағдайда босаңсу басталады. Кері кетеді.
Ал пайдалы болу, ең сапалысын жасауға талпыну олай емес. Керісінше адамға
бақыт пен шын куаныш сыйлайды. Өзара
жердемдесуге шақырады.
Нәтижеден бұрын процесстің өзінен ләззат алуға көмектеседі.
Гүл басқа гүлдермен бәсекелесіп әуре болмайды. Жай ғана жайқалып өсіп, гүлін ашып, ғажайып жұпар иісін шашады. Айналасына қуаныш сыйлайды. Ендеше, бақытты болудың кілті басқаға пайдалы болуда.
Алла елшісі (с.а.у.): “Құдайға ең ұнамды кісі — адамға көбірек пайдасы тиетін жан” деген. Ал Хәкім Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйікті құлының бірі боласың» дейді.
Олай болса, бақыт баратын меже емес, сол бағыттағы сапардың өзі екенін ұмытпағын!
Жазып жүрген жаңа кітабымнан үзінді