Жетістікке жетелейтін жеті дәрі…
«Вавилондағы ең бай адам» деп аталатын кітаптың авторы ретінде белгілі. Ал оны бүкіл әлем неге тану керек дегенге келсек, ол кітапты әрбір миллионер оқып шыққан. Кітаптағы ең бай кейіпкер – Аркад. Ол өзінің еліне өзінің байлығы жайында айту үшін арнайы дәріс жүргізеді. Дәріс жүргізу кезінде Аркад таңдап алған жүз адамға «Жетістікке жетелейтін жеті дәрі» туралы айтып береді. Ол қандай дәрі, пайдасы қандай?
Бірінші дәрі: Әмияныңызды толтыруды бастаңыз Қазірден бастап бұл әдіске көшіңіз. Яғни әр ай сайын 10 000 теңге тапсаңыз, соның мың теңгесін жинап қойыңыз. Немесе жүз мың теңгенің он мың теңгесін жинаңыз. Осы уақытқа дейін жүз мың теңгені түгелімен қажеттіліке жаратып жүрген болсаңыз, енді тоқсан мың теңгені ғана жұмсап көріңіз. Тура сол шығын шығады. Тек қыдыруыңыз, күнделікті шашылуыңыз азаяды.
Екінші дәрі: Шығындарды есептеңіз Күнделікті кеткен шығынды есептеңіз. Ең қымбат шыққан қажеттіліктен бастап ең арзан тиынға алынған шығынды жазыңыз. Есептеңіз. Күн сайын әр шығынды қысқартуға тырысыңыз. Қалтаңызда ақшап көп қалған сайын көңіліңіз өзіңізге толатын болады. Ол үшін күнделікті кетсе құрыңыз және сонымен жұмыс жасаңыз. Сатып алған шығынды жазып жүріңіз, есебін кешке шығарасыз.
Үшінші дәрі: Кірістің көбеюін қадағалаңыз Әр ай сайын жинап жүрген он мың теңгеңізді енді көбейтіңіз. Себебі сізге бір орында тұрақтап қалуға болмайды. Ол үшін тағы да кіріс көздерін қарау керек. Сол арқылы ай сайынғы жиналу керек ақшаның санын көбейтіп, пайда табу жағын ойлаңыз.
Төртінші дәрі: Кірісті жоғалтып алудан абай болыңыз Бұл қалыпты жағдай да болар. Дегенмен кіріске ие болыңыз. Яғни ұрлатып алудан сақтаныңыз. Ұрлап алу мәселесі де жеңіл естіледі. Енді жаманы жинаған ақшаны белгілі бір іске салуға асықпаңыз. Себебі ол кәсіптің шет-жағасын білмей жатып, көзді жұмып тұрып, тірнектеп жиған ақшаны жоқ қылып жібермеңіз. Бұл өте маңызды.
Бесінші дәрі: Табысты үйге салыңыз Бізге тән түсінік. Айлықтан бөлек жинап жатқан ақшаңызды үй сатып алуға жинаңыз. Бұл үлкен кіріс. Себебі ол жылжымайтын мүлік болғаннан кейін оның бір күні болмаса бір күні сізге пайда әкелері анық. Одан бөлек жоғалтып аламын деп алаңдамайсыз. Ол тұрған жерінде тұра береді және сізге пайда әкелмесе, шығын келтірмейді.
Алтыншы дәрі: Болашақты да ойлаңыз Кірістің көп болғаны жақсы. Себебі өзіңізді ғана ойламаңыз. Өзіңізден кейінгі ұрпақты ойлаңыз. Балаңызды және немереңізді қамтамасыз ете алатын ақша тауып, оны соларға мұраға қалдырыңыз. Ал ол мұраны жасау үшін сізге көп еңбектену керек.
Жетінші дәрі: Кірістің жолын көбейтіңіз Бір табыс көзімен қалып қоймаңыз. Кәсіпке салған ақшаңыздан түскен пайданы тағы бір кәсіпке салыңыз немесе сол кәсіптің екінші бір нүктесін ашыңыз. Бұл жан-жақтылық үлкен табыс әкеледі.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/49496/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.