ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
— Жетістікке жетсең, саған көмектескен барлық адамдарға разы бол, егер сен қиындықтарға кез болсаң, тек өзіңді ғана кінәла.
— Қиындықтан шығатын жол әрқашан табылады. Ештеңеден бас тартпа, берілме.
— Сенен де төмен жағдайға түскен адамдар көп. Оларға көмектессең көңілің жай табады, жеңілдік сезінесің.
— Адамдардың сенімен қалай қарым-қатынаста болғанын қаласаң, басқаларға да дәл солай қатынас.
— Жағдай адамды емес, адам жағдайды басқарады.
— Бақытсыздық деген жалпы болмайтын нәрсе. Қиындыққа ұшырап қалуың мүмкін жағдайды көбінесе өзің алдын-ала жасап қоясың.
— Дүниеде денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ.
— Бүгініңді кешегіден, ертеңіңді бүгініңнен жақсы етуге ұмтыл.
— Оптимист ой — қиындықты жеңудің ең жақсы дәрісі.
— Өмірді жаңа бастауға тырыспа. Ол өзін-өзі алдау болады. Өзіңде барды біртіндеп жақсарт.
— Басқаларға жамандық жасауға әрекеттену саған көптеген жаңа қасірет әкеледі.
— «Мен жоғалсам бұл әлем кеміп қалады» деп ойлап жүр. Осындай жақсы ұстанымдар болады. Қабылдау, қабылдамау өзіңе байланысты. Қажет ететін біреу ала жатар. Надандар түсіне қоймас.