ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КІЛТТЕРІН АЛДЫ

Жетісу облысының Жедел жәрдем паркі 4 санаттағы шұғыл шақыртуларға қызмет көрсетуге арналған 29 жаңа автокөлікпен толықтырылды.
Санитариялық автокөлік 13 аудандық орталық және облыстық ауруханаларға, сондай-ақ кардиологиялық орталыққа, көпбейінді балалар ауруханасына, психикалық денсаулық орталығына берілді. Жаңа жедел жәрдем оттегі цистерналарымен, оттегі қысымын реттегіштермен, инфузиялық жүйеге арналған кронштейндері бар леер-тұтқаларымен, қолды дезинфекциялауға арналған диспенсерлермен, роликті арбалармен және барлық қажетті заттармен жабдықталған.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына автокөліктердің кілттерін тапсыра отырып, халықтың денсаулығын нығайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру – Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
«Биыл жергілікті бюджет қаражатының есебінен медициналық жабдықтарды сатып алуға 3,6 млрд.теңге бөлінді, өңірдегі жарақтандыру көрсеткіші 93% — ға жетті, ол кезде өткен жылдағыдай 87%-ды құрады. Сондай-ақ, медициналық кадрлар тапшылығы проблемасын шешу үшін келесі жылдан бастап өңірге келген мамандарға 5-тен 10 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады, — деді Б.Исабаев.
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету және медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыру үшін Жетісу облысында 67 жедел жәрдем бригадасы құрылғанын айта кету керек. Өңірдің шалғай аудандарында «103» бригадаларының уақтылы жетуі үшін қосымша 12 дислокация құрылды. «103» бірыңғай диспетчерлік қызметі ұйымдастырылды, ол облыстың түкпір-түкпірінен қоңыраулар қабылдайды, тәулік ішінде 2000-ға дейін өтініш келіп түседі. Сондай-ақ, «103» бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің базасында тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық бар, онда халыққа жоғары білікті медицина қызметкерлері консультация береді. Биылғы жылы «Жедел жәрдем» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының шеңберінде өтеусіз негізде «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен өңірдің 5 аудандық ауруханасына «JAC sunray 6C»маркалы жедел жәрдем көлігі ұсынылғанан естеріңізге сала кеткен жөн.