Жезқазған қаласының көшелеріне  өзгеше муралдар пайда болды

Жезқазғанда биыл жаңа жобалар басталады. Осындай жаңалықтардың бірі      – Жеңіс, Деев көшелеріндегі көп қабатты үйлердің қабырғалары мен қасбеттерін безендіретін муралдарға Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметованың бейнелері салынды.

Бұл жаңа тренд жезқазғандықтарға ұнады. Даңқ Аллеясына апаратын жолда әсем безендірілген муралдар қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік және патриоттық көңіл-күй тудырды.

Тағы бір мурал Сәтпаев көшесінде пайда болды, онда үйдің қабырғасында ұлы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың бейнесі бейнеленген. Жыл соңына дейін Алашахан даңғылы бойындағы 34, 41, 43 үйлердің қабырғаларына Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» тақырыбына тағы үш мурал салу жоспарлануда. Мұралардың арқасында қазақстандық батырлардың бейнелері халық жадында ғана емес, қала шежіресінде де мәңгі сақталады.

 

 

                                                                                                    Жомарт Шаймұрат