Жезқазғанда жаңашыл колледж бар
Жезқазған қаласында 2009 жылдан бері «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» жұмыс істеп келеді. Колледж кәсіптік және техникалық білім берудің аралық мамандықтары бойынша іс-тәжірибелік дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін мамандықтар негізінде жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. КОЛЛЕДЖ-дің басты МИССИЯсы: Бизнес және көлік саласына өзіндік үлес қоса алатын әлеуметтендірілген жеке тұлғаларды қалыптастыру арқылы және функционалды сауатты, кәсіби сапалы маман даярлауды қамтамасыз ету негізінде колледждің білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Жатақханасы, жастар орталығы… барлық жағдай жасалған
Жумкина Светлана Серікбайқызы — колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, Жезқазған қалалық мәслихатның депутаты, «НұрОтан» ХДП партиялық фракциясының жетекшісі, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері.
Жумкина С.С. 50-ден астам мақалалардың, 15 оқу-әдістемелік құралдарының авторы, Ө.Б.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің магистранттарына лекциялық курстар оқиды. Жаңа инновациялық бағыт «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ басқаруды 2009 жылы қолына алды.
Бүгінгі күні колледжде 889 студент білім алуда. Мемлекет тарапынан 602 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады, яғни грант иегерлері. Колледж мамандарды дайындауды күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша жүзеге асырады. Колледждің педагогикалық құрамын 55 оқытушы құрайды, оның ішінде ғылыми дәрежесі барлар — 6 оқытушы, ғылым магистрлары — 6 оқытушы, жоғары категорялы және бірінші категориялылар — 29 оқытушы қызмет жасайды.
Жалпы ауданы — 1767 м 2 тұратын Колледждің оқу аудиториялары, лекциялық сабақтар, конференциялар, семинарлар, әртүрлі іс-шаралар өткізуге арналған лекция залы (60 және қосымша отыратын орындары бар, Интернет желісіне қосылған интерактивті құрылғылармен жабдықталған, бейнематериалдарды көрсету мүмкіндігімен), сонымен қатар кітапхана, 5 оқу зертханалары, теміржол мамандығы бойынша оқу полигоны, шеберханалар, интерактивті тақталы 3 кабинет, арнайы пәндер бойынша жаңа модификациялы 7 компьютерлік кабинетпен жабдықталған. «Көркем» студенттер кафесі және 170 орындық асханасы бар.
100 орындық студенттер жатақханасы, Жастар орталығы және «BEK&NAR» ғылыми-әдістемелік білім беру баспа орталығы орналасқан.
Әлемнің белгілі оқу орындарымен меморандумға отырған
Білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында Колледж 2013 жылы Малайзия мемлекетіндегі ЖШС «Fattah education» және Малайзия мемлекетінің білім беру мекемелерімен, 2019 жылы Түркия мемлекетінің «Caspian Академия» орталығымен меморандумға отырса, 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытай Халық республикасының «Бір белбеу, бір жол» жобасы аясында «Бір белбеу, бір жол» әлеуметтік жобасы басқармасының президенті «Хумей Цзянсу» АҚ басшысы Су Хуэйцзюнь, Халықаралық бағдарламалар орталығы, «Серпін» АҚ ұлттық жобалар басқармасының басшысы Тобатаева Күлзия Қадырқызы және «Хумей Цзянсу» АҚ өкілі Джусупова Гүлмира Сағадатқызы іссапармен келіп, өз ойларымен бөлісті.
Инновациялық жобалар жүзеге асуда
2014 жылы Елбасының бастауымен «Серпін — 2050» — «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» әлеуметтік жобасы аясында колледжге 2015 жылы 50 студент, 2016 жылы 30 студент қабылданып, 2018 жылы 50 түлек теміржол мамандығы бойынша бітіріп шықты. Биылғы оқу жылында қалған 30 студент өз дипломдарын қолдарына алмақ.
Колледжде бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асырылуда: «Көптілді оқыту», «Латын графикасын оқыту», «Дуальді оқыту», «Бизнес-класс», «Кәсіби бағдар — болашаққа бағдаршам», «Академиялық ұтқырлық». Бұл жобалардың барлығы колледж қызметін алға дамытуға тың жаңалықтардан қалыс қалмауға өз үлестерін қосуда.
Колледж құрылтайшысының игі істері
2009 жылдан Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы — Бекзат Қомарұлы Алтынбеков жайында айтпай кетуге де болмас. Бекзат Қомарұлы Алтынбеков — Қазақ Қатынас жолдары университетінің Жезқазған қаласындағы Қашықтықтан оқыту және кәсіптік бағдар орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Білім меценаты, тарих ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.
«Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының, ҚХА «Бірлік» алтын медалінің және «Шапағат» медалінің иегері.
2018 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамының «Қоғам қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.
Бекзат Қомарұлы дарынды жастарды тауып қолдау көрсетуге, олардың шығармашылық әуелеттерін және жасөспірімдерді кәсіби бағдарлауға бағытталған жеке тұлғалық құзыреттіліктерін ашуға аса көңіл бөледі, «Зияткер ұлттың болашағы» инновациялық жобасының авторы болып табылады. Бұл жоба Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің Жезқазған қалалық білім беру бөлімі, «НұрОтан» ХДП Жезқазған қалалық филиалымен әлеуметтік әріптестік форматында табысты жүзеге асырылуда. Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы — Бекзат Алтынбековтың басшылығы мен қолдауының нәтижесінде іске асырылған бірнеше әлеуметтік жобалар бар.
Жыл сайын «Зиялы ұлт болашағы» әлуметтік жобасы негізінде мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің оқу озаттары мен талантты жастарына арнайы шәкіртақы тағайындалады. Көпбалалы отбасы, жетім балаларға оқу ақысына 50-100% жеңілдіктер көрсетіледі.
«Мектепке жол» Республикалық акциясына жыл сайын қатысып, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсетіліп келеді.
«Жастарды қолдау» әлеуметтік жобасы негізінде Қ.И.Сәтбаев, Д.А.Қонаев, Қ.Ш.Шыңғысов, А.Ш.Асанов атындағы мектеп оқушыларына жыл сайын шәкіртақылар тағайындап келеді.
«Балаларға базарлық» әлеуметтік жобасы аясында Жезқазған қаласының №9, №13 мектептерінің және шағын орталықтар ауласына ойын алаңдарын тұрғызды.
«Ыстық ұя» әлеуметтік жобасы бойынша студенттерге арналған 100 орындық жатақхана салынды және жатақханада көпбалалы отбасы, жетім, аз қамтылған отбасының балаларына тегін тұруға жағдай жасаған.
«Жалынды жастар — Қазақстанның болашағы» әлеуметтік жобасы негізінде арнайы Жастар орталығын ашты.
«Қоғамдық келісім — тұрақтылық кепілі». Жезқазған қаласында Қоғамдық келісім кеңесінің залы ашылуына демеушілік жасалды.
«Мың бала» Республикалық мәдени-ағартушылық жобасына қаржылай демеушілік жасады.
Әр жылдары колледждің іс-қызметімен басқарма басшылары, парламент депутаттары және қоғамдық қайраткерлер келіп танысты: ҚР Парламентінің депутаты Оразкүл Асанғазықызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық тобының жеткшісі Абдрахманов Сауытбек Абдрахманович, Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің 4, 5 шақырылған Мәжілістерінің депутаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің экс вице-министрі «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін — 2050» әлеуметтік жобасының республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Абенов Мұрат Абдуламитович, Қарағанды облысы білім беру басқармасының экс басшысы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аймағамбетов Асхат Қанатович, Астана Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Мұхамедияұлы Байменов, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Әбдіғалиев Берік Бақытұлы, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, жазушы, журналистер Ғалым Жайлыбай, Зейнеп Ахметова, Серік Ақсұңқарұлы, Нұрғали Иманғалиұлы т.б. Олар өз кезегінде колледждің білім беру іс-қызметінің жоғары деңгейін, жақсы материалдық-техникалық базасын бірнеше рет атап өткен.
Рақыш Ыдырысова, газетіміздің Жезқазған, Ұлытау, Сәтбаев өңірлерінің үйлестірушісі