ЖІБЕК МАТА ӨНДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Жамбыл облысында “Тұт ағашын өсіру арқылы жібек құртын өндіру” ісінің пилоттық жобасы Байзақ ауданынан бастау алмақ. Осыған орай, «Анаға тағзым» орталығында ”Жер- Ана” ауыл фермерлері” корпоративтік қоры Байзақ ауданы мен аудан ауылдары әкімдерінің басын қосып, жобаның жай-жапсарын пысықтап алды.
📌Айта кетейік, аталған жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында 500 әйел азаматшаларды жұмысқа тарту көзделіп отыр.