Жігіттер неге жиі ауырады?

Осы сұрақ төңiрегiнде ой толғап көрген мамандар мынадай тұжырымдар айтады:
1. Ер адамдар әйелдерге қарағанда тез ашуланады екен. Бүгiнде елi¬мiздегi ер азаматтардың 88 пайызының жүйкесi сыр беруге жақын.
2. Адамды бiртiндеп ауру етiп, ақырында алып ұратын iшiмдiк те жiгiттер қатарын азайтатын қауiптi құбылыс. Бұл дерттен емделушiлердiң 89 пайызы ер адамдар екен.
3. ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар мен СПИД дертiне шалдыққандардың 71,9 пайызы ер азаматтар.
4. Денсаулыққа зиянды жерде, ағзаға физикалық күш түсiретiн ауыр жұмысты атқаратын да ер адамдар. Ер адамдардағы жүйке тозуының 37 пайызында осындай жұмыстың әсерi болады.
5. Қазақстанда бiр жылда үйленгендердiң 15 пайызы бедеулiк салдарынан ажырасады екен. Соның 49-50 пайызына ерлердiң белсiздiгi себеп.
Ер адамдарды айналдырған осындай келеңсiз жайлардың алдын-алу үшiн мамандар жер-жерде ерлердi сауықтыру, оларға кеңес беру орталықтарынын ашу керек деп санайды. Бұйырса, алдағы жылы аймақтарда осындай орталықтар жұмыс жасай бастауы мүмкiн.
«Ауырмаңыз!» газетінен.

Ауырмаңыз фб парақшасынан