Жігіттерге кім үлгі? (Видео)
«Біздің қазақтың жігіттері мықты болса,көшенің бойында қыздар тұрмаушы еді! Шын мəнінде намысқой болатын болса, біраз нəрседе болмаған едік! Мына Шешен ұлтының қыздарын қорлап көр, быт-шытын шығарар еді! Шешендер туралы Жириновскийдің аузынан бір ауыз сөз шықпайды, себебі қорқады! Ал қазаққа келгенде аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Біздің əлсіздігіміз осы жерлерде! Біздің жасықтығымыз да жоқ емес, бірақ қазақтың қазаққа келгенде тісінің пышақтай болуының бір себебі, ол əлі құлдық сананың кетпегендігі! Өкінішке орай таза қазақты аямайды, қазақтың қазақтан басқа досы жоқ, жанашыры жоқ! Қазақ бірін қазақ, бірін дос көрмесе БƏРІ БОС! Кімнің жүрегінде қамқорлық, мейірімділік, махаббат болса, сол Құдай үшін болады, сол Азамат болады! Махаббат ол қызды күйем, сүйем деп алдап, арын таптау емес!Махаббат деген елің үшін, жерің үшін қызмет қылуың! Намысы бар жігіт қызды қорлап, аяғына таптамайды!Бізде «Намыс» деген нəрсені бастан сөз асырмау деп түсінеді, АҚЫМАҚТЫҚ! Ол намыс емес, БЕТПАҚТЫҚ! Ал жігіттің мықтылығы иманы мен сабырлығында жатыр! Иман мен сабыр егіз ұғым екені баршамызға мəлім! Бірақ соны біле тұра иманын сатып,екінші орынға қояды, арзан күлкі мен ішіп-жем үшін, қызық үшін, ойын үшін! Біз қай жерде атақ, қай жерде жылы-жұмсақ, қай жерде көрінетін нəрсе болса, соған қарай бейімділік, мұның ар жағында құлдық сана жатыр!». (с) Б.Тілеухан.