ЖІГІТТІ ЖЕРГЕ ЖЫҚПАС ЖЕТІ МІНЕЗ

1⃣. Сабырлы болу – сабырсыз жігіттің табаны сазға, қолы тазға тиеді.
2⃣. Табанды болу – жігерсіз жігіт өзін де, өзгені де дегеніне жеткізбейді.
3⃣. Тұрақты болу– тұрақсыз жігіттің қонысы әрдайым бұлақсыз болады.
4⃣. Талапты болу – талапсыз жігіт табан астына өзі барып түседі.
5⃣. Туысшыл болу– туысына жат жігіт, ту көтеріп жарытпас.
6⃣. Табысты болу– табыссыз жігіт үйде есек, түзде тезек болады.
7⃣. Намысты болу– жігіт намыссыз болса, тірідей өлді, өзін-өзі көмді де.
ҚЫЗДЫ СҮЙІКТІ ЕТЕР ЖЕТІ БАЙЛЫҒЫ
1⃣. Пәк болу – қыздың пәктігі Алла берген ең үлкен қазынасы.
2⃣. Әдепті болу – қыз әдепті болса, көзің қуанып, жүрегің жылиды.
3⃣. Таза болу – бойы таза болмаса, жақсы әйел болмақ ойы да тазармас.
4⃣. Пысық болу – жеті жұт салақпен сегіз, олақпен тоғыз болады.
5⃣. Ұстамды болу – өзін ұстай алмаған, келген бақты ұстап тұра алмайды.
6⃣. Ұқыпты болу –жоқтан бар жасай алмаған, барды ұқсата алмайды.
7⃣. Иманды болу – иман осы алтауының түп негізгі бастауы, алтын тірегі.