Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан  (Тектанудан біраз ақпарат)

1. Интеллект әкесінен баласына берілмейді. Яғни, егер сіз ғұлама болсаңыз, сіздің ұлыңызға бұл қасиет мүлде берілмейді.
2. Нақұрыстық та әкесінен баласына дарымайды. Егер сіз түзелмейтін есалаң болсаңыз, онда сіздің ұлыңыз да сондай болады деу қате ұғым. (осыныңызбен құттықтаймыз!)
3. Интеллект әкесінен тек қызына өтеді. Әрі тек жарым жартылай.
4. Жігіт интеллектіні тек анасынан алады. Ал, анасы өз әкесінен алады.
5. Ғұламаның қызы әкесіндегі ақылдың тура жартысына ие болады, ал оның ұлы ғұлама болады. Егер әкесі ақымақ болса, қызы да жартылай ақымақ болады.
6. Сондықтан дана әйел болмайды. Сол сияқты жүз пайыз ақымақ әйел де жоқ. Есесіне ғұлама еркектер мен топас еркектер жетіп артылады. Осыдан ішкіш ақымақтар мен тірі жесірлер легі көбейді. Оған қоса нобель сыйлығының иегерлері. Олардың көбі ер адамдар.

Еркектер бұдан не түйеді:
1. Ұлыңның ақылын білгің келсе, әйеліңнің әкесіне қара. (егер ол академик болса, онда сіздің ұлыңыз да академик болады).
2. Қызыңыз ақылыңыздың жартысын алады. Сонымен қоса иттігіңіздің жартысын да алады. Интеллекті бойынша ол сізге жақын болады. Қызыңыздың ұлы сіздің ақылыңызды бүтіндей алады. Ақылды ұрпақ аңсасаң, қызым болсын де.
3. Сіздің ақылыңыз анаңыздан берілген. Нақтырақ айтқанда, нағашы атаңыздан.

Әйелдер не түйеді:
1. Сіздің ұлыңыздың ақылы — сіздің әкеңізден, «әкең сияқты топассың» деп ұрысуыңыз бекер.
2. Қызыңыздың тәрбиесі өзіңізге тартады, ал ақылы әкесінен беріледі. Қызыңыздың ұлдары күйеуіңіздің ақылын алады.
Әйелдер алғаш келiн болып түскенде…

1. «Берi жат,берi жат», — дейді.
2. Бiр екi балалы болғанда «терiс қарап жат», — дейді.
3. Бес алты балалы болғанда «ары жат», — дейді.
4. Қартайғанда «меннен бұрын көрге жат» , — дейді….
Сөйтсем біз еркектер қателеседi екенбiз, негізі әйелдер бізді ойлайды екен ғой. Себебi:

1. Алғашқы кезде берi жат дегенi, күйеуiнен басқа ешкiм болмаған соң оны кұшақтап жатады екен.
2. Бiр екi балалы болғанда терiс қарап жат дегенi, балаларын құшақтап, мейрiмiн берiп жатады екен. Бiз өгiздей боп оған ренжiмеуiмiз керек екен ))
3. Ары жат дегенi, бала шаға көбейген соң, солардан ұялғаннан айтады екен, әрi десе отбасы үшiн күйбең тiрлiктен шаршайды екен.
4. Қартайғанда меннен бұрын көрге жат дегенi. Меннен бұрын өл, мен тiрi болсам кiр қоңымды жуып,тамағым iстеп өзiме қарай алам. Мен өлiп сен қалсаң саған кiм қарайды деп уайымдайды екен ғой.
Осындай қырық жаны бар, әлемдi тербеткен қазақ әйелдерiне алғыс айтамын!