Жиын-терін жұмыстары жүйелі
Өткен аптада Аудан әкімдігінде Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында ағымдағы жылы аудандағы күзгі дала және ветеринариялық бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар баяндалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егуге ағымдағы жылға жоспар 3 512 566 манипуляцияны құрап, 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда «iKomek109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен түскен өтініштерге сәйкес, 2024 жылы 897 бас жабайы қаңғыбас ит-мысықтар ауланды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан аумағында төрт түліктен тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мүдделі органдар арасындағы байланысты күшейтуді және бұл бағыттағы бірқатар мәселелерді дұрыс үйлестіруді тапсырды.
Күзгі дала жұмыстарына 3346,3 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлініп, оператор ретінде «WeDoEnergi» ЖШС-і танылды. Дизельдің 1 литрі 245 теңгені құрайды.
Аудан бойынша күздік бидайдың тұқымына қажеттілік 11004 тонна болса, бүгінде қолда бары – 13480 тонна. Тұқым сапасы бойынша элита – 1170,0 тонна, I репродукция – 1820 тонна, ал 2910 тоннаны II, 7580 тоннаны III репродукция. Аудан басшысы Ернар Есіркепов күзгі дала жұмыстарына жоспар толық орындалуын және қант қызылшасы алқаптарындағы жиын-терін жұмысы тікелей тиісті бөлім мен округ әкімдерінің бақылауында болуы қажеттігін тапсырды.
Т.Рысқұлов ауданы