Жоба жүзеге асуда

Жоба 6 ауылдық округте (Байқадам, Жайылма, Жаңаталап, Жаңаарық, Игілік, Түркістан) жүзеге асуда.
6 округке қарасты 14 елді мекенде 845 кәсіпкер және 6 кооперативті несиелендіру, кооперативтерге 75 дана ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг жүйесі арқылы алуға, ауыл тұрғындарының шағын кәсіпкерлігін дамытуға 36 жобаны қаржыландыруға несие беру жоспарланды.
Жобамен 6 ауылдық округтегі 17 569 тұрғын, яғни, 2 800 аула қамтылады.
Нәтижесінде:
— 235 жаңадан жеке кәсіпкерлер тіркеледі;
— 264 жаңа жұмыс орындары ашылады;
— атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 154 отбасыға төмендейді;
Мал басы – 25 715 басқа жетеді, 136%-ға өседі;
Ет өндірісі – 128%-ға, сүт өндірісі 119%-ға ұлғайғаяды;
Бір отбасындағы орташа айлық табыс көлемі 38,1 мыңнан 97,5 мың теңгеге жетеді.