ЖОҒАЛҒАН НЕМЕСЕ ҰРЛАНҒАН ЖЕКЕ КУӘЛІК. ҚҰЖАТТЫ ҚАЛАЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ ЖӘНЕ 2024 ЖЫЛЫ ҚАНША ТҰРАДЫ?

Қазақстан Республикасының аумағында 10 күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәліксіз азаматқа әкімшілік ескерту алады, ал мерзімі бір айдан асқан жағдайда 7 АЕК (2024 жылы 25 844 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Құжатты қалпына келтіру үшін жақын жердегі халыққа қызмет көрсету бөліміне жүгіну керек. Азаматтарға арналған үкімет» фрон-офистері жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтін кезекші бөлімдер бар.
Маңызды: құжаттар тізімі жеке куәлікті қалпына келтіру себебтерге байланысты.
Жамбыл облысында 2024 жылдың бірінші тоқсанында 16 539 төлқұжат пен 23 047 жеке куәлік берілді. Оның ішінде жоғалған 4008 азаматтың құжаттары қалпына келтірілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері.