Жоғары Қарулы Күштерінің ардагері Мемлекет басшысының баяндамасына үн қосты

Жаңа ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер Министрі — Әлихан Смаиловтың кандидатурасын ұсынды.

Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Сан саладағы сауалға тұщымды жауап беріп, халықтың көкейіндегі мәселелерге тоқталды.

 

Соның ішінде қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырған ҰҚШҰ әскерлерінің елімізден шығарыла бастағанын басып айтты. Әскери күштің елдегі миссиясы өз мәресіне жеткенін атап өтті Президент.

Йә, осы саланың ардагері ретінде ой қосарым, әскери құрылым елдегі жағдайға араласапай, тек маңызды нысандарды қорғаумен шектелгені анық байқалды.

Мемлекет басшысы да олардың елден шығарылатынын мәлімдеді.

 

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Кемелұлы әскер қатарына шақырылған жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге жалтаратынын, түрлі себеп-салдарды желеу етіп қашқақтайтынын атап өтті. Отанға қызмет ету — қасиетті борыш екенінде тілге тиеке етті.

Сондықтан жастар қауымын ел тыныштығын күзету нағыз патриоттық қасиетпен үндесетінін жеткізгім келеді. Елдің ертеңі — жастар.

 

Әлімжан ЕРНИЯЗОВ,

Түрксіб ауылының тұрғыны генерал-майор, Кеңес Одағының, ҚР Жоғары Қарулы Күштерінің және Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері.