Жол тіршіліктің күре тамыры
Экономиканың күретамыры саналатын жолдың жағдайы-ерте заманнан күні бүгінгі дейін мәні мен маңызын жоғалтпай келе жатқан өзекті мәселенің бірі. Жылқының жалында, түйенің қомында жүріп, алыс-жақын елдермен жүйелі сауда-шаруашылық байланыстар жүргізген ата-бабаларымыз жолдың қадірін жақсы түсінген.
Ал бүгінгі жағдайдың о заманнан айырмашылығы тек жолдардың тақтайдай тегістігі мен жүйткіген көлігінде ғана. Қазіргі таңда жол қатынасы ел дәулетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытып, жүк және жолаушылар тасымалын жақсартуға, сондай-ақ халықаралық, елішілік қатынастың артуына едәуір әсер етеді.
Жалпы аудан аумағындағы облыстық жолдарды күтіп-ұстауға ағымдағы жылдың басында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Сарысу жолдары» ЖШС-і арасында келісімшарт жасалған. Бүгінгі күнге, мердігер тарапынан тұйықта 1000 тн құм араласқан тұз және 15 дана техника дайындалған (2-грейдер, 2-зил, 2-пескоразбрасыватель, 2-погрузчик, 2-прицеп, 4-КаМАЗ, 1-МТЗ80).
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарына (IV тоқсанға) аудандық бюджеттен 3,4 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер анықталған (мердігер – «Sholan-Bay» ЖШС). Қазіргі уақытта мердігер тарапынан аудандық маңызы бар жолдардың қауіпті деген Түркістан, Арыстанды, Үшбас ауылдарындағы жолдардың бойына тұз араласқан 10 тонна құм түсірілді. Мердігердің қоймасында 300 тонна құм, 80 тонна тұз араласқан құм сақталуда.
Батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті жалғаған жол – тіршіліктің күретамыры. Ал оның қадірін жүрген ғана біледі. Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтап, жолда жүргенде абай болыңыздар.
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй
инспекциясы бөлімі