Жол-жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жуалы ауданындағы 2021 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар «Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автомобиль жолының 33-45 шақырымдарын орта жөндеу нысанында жол-жөндеу жұмыстары жалғасуда, мердігерлік мекеме «АрсикоСтройИнвест» ЖШС. 2022 жылға жоспарланған 6 шақырым суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы жол негізін салу жұмыстарының бүгінге 4,1 шақырым салынды.

Сондай-ақ, 6 шақырым асфальтбетонды жол жамылығысының 1,4 шақырымы төселді. Қалған 4,6 шақырымда асфальтбетонды төсеу жұмыстарын мамыр айында аяқтау көзделіп отыр.

 

Бақытжан Жәнібеков