Жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуда

Оралдағы халықаралық әуежайда жолаушыларға арналған бірнеше пластикалық модульдік вагондар орнатылуда.

Алдағы уақытта Орал халықаралық әуежайында бірнеше бағыттағы халықаралық рейстер ашылады деп жоспарланып отыр. Ал су жаңа терминалдың құрылысы алдағы жылы басталады деп күтілуде.

Атап өткеніміздей, әуежайға пластикалық модульдік вагондар қою себебі алдағы уақытта қосымша ұшу бағыттарының іске қосылатындығымен байланысты. Айталық, биылғы қараша айында Орал қаласынан Египет еліне сапарлауға мүмкіндік жасалатын болса, алдағы жылдың көктемінен бастап Түркияға ұшақтар қатынайды. Демек, жаңа әуежай терминалы іске қосылғанша жолаушылар пластикалық модульдік вагондарда аялдап, уақыты келгенде ұшу алаңына шығатын болады. Модульдік вагондар тез құрастырылады, іші жарық, жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал жазғы маусымдарда арнайы желдеткіш құрылғысын орнату көзделуде. Аптаның соңына дейін тағы екі модульдік бекет қойылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жолаушылардың қамы үшін мұндай вагондар орнату Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасымен іске асырылуда. Ұзындығы – 12, ені – 2,5 метрлік жаңа вагондарды жергілікті «Агрореммаш» зауыты дайындауда.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы