ЖОЛДАУ КЕЛЕШЕККЕ НЫҚ ҚАДАМ БЕРЕДІ
–Жолдауда айтылған өзекті мәселелер мен тың бастамалардан қараша халық хабардар болуы керек. Бүгін арнайы өздеріңізбен кездесу үшін келіп отырмын. Қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға қолдау көрсетіп, пікір білдіру әр азаматтың – парызы. Өздеріңізге белгілі елдегі ең төмен жалақыны көтеру туралы қазақстандықтар жиі қаузап, жауап ала алмай келген болатын. Ал Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында халықтың тұрмыстық табысына назар аударып: «2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 мың 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын» деп өз ойын білдірді Абдрахман Зайнутдинов.
Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау топ мүшелері келесі кездесуді Құлан агротехникалық жоғарыколледжінде жалғастырып, аудан студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, жастарға өнегелі өсиеттерімен бөлісті.
Жолдауындағы міндеттерге кеңінен тоқталған топ мүшелері биылғы Жолдаудың елдің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына ықпалы зор екенін, ондағы міндеттердің орындалуына барша қазақстандықтардың бірлікпен үлес қосуы керектігін атап өтті.
Кездесу соңында жастардың өтініштері мен пікірлерін тыңдап, Жолдаудағы басым бағыттарды жүзеге асыру жөніндегі ойларын ортаға салды.