ЖОЛДАУ – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Жалпы Жолдауда көрініс тапқан ауқымды реформаларды ауылдықтарды жан-жақты ақпараттандыру, ма түсіндіру мақсатында бүгін облыстық және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы Бесағаш ауылында келелі жиын өткізді.
Жиынға «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев, аудан әкімдігі әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов және ауыл әкімі Алға Абдумуталиев қатысты.
– Елімізді келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамалар көтерді. Жолдау еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін үлкен жаңалықтарға толы болды. Ең бастысы халықтың әлеметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің басты назарында қала бермек. Маңызды құжатта айтылған жайттардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси, экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған.
Президент жолдауы әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір ірі қадам болды деп есептеймін.
Экономиканы дамыту, бизнеске тең жағдай жасау үшін ашықтық пен әділдік қажет. Президент осы бағыттағы ұсыныстарын ортаға салып, жаңа заңдар әзірлеуді тапсырды. Бұл бағытта Мәжіліс белсене жұмыс атқаратын болады. Елді елең еткізген жаңалықтардың бірі алдағы саяси науқандар мен электоралдық кезеңдер кестесінің жариялануы, Мемлекет басшысының президенттік мандатты 7 жылдық 1 мерзімге қысқарту жөніндегі ұсынысы. Оны көпшілік қолдауда, – деді Қасымхан Естемесұлы өз сөзінде.
Сондай-ақ жиында қаңтар қақтығысы да кеңінен сөз болды.
Ауыл азаматтары Мемлекет басшысының Жолдауын қалың жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдап жатқанын аңғартты.
Жиында Жолдау жүктеген міндеттер туралы аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов те айтып өтті.
Кездесуде ауыл азаматтары да өз ұсыныс-тілектерін алға тартып, пікірлерін ортаға салды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі