ЖОЛДАУ – ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Бүгін AMANAT партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Марат Нарымбеков пен Қуаныш Қалиұлы Жетітөбе ауылдық округінің тұрғындарымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында және «Еңбек қоғамы – елімізді дамытудың даңғыл жолы!» атты тақырып аясында кездесу өткізді.

Кездесуде Марат Нарымбеков Жолдау жүктеген міндеттердің негізгі тұстарына тоқталды.

– Елімізді келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамалар көтерді. Бұл жолғы Жолдау еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін үлкен жаңалықтарға толы болды. Ең бастысы халықтың әлеуметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің басты назарында қала бермек. Маңызды құжатта айтылған жайттардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси, экономикалық реформалардың, игі бастамаларының бәрі осыған бағытталған.


Президент жолдауы әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір ірі қадам болды деп есептеймін.
Бүгінгі таңдағы заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Мемлекет басшысы айтқандай Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс. Біз өскелең ұрпақты адал еңбекке баулып, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуіміз қажет.
Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Ендеше, қоғамның да қоғам болуы еңбекпен тікелей байланысты. Мемлекет осыған әуелден баса мән беріп, жұмыссыздықты жоюға, жұртты еңбекке тартуға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді,-деді.

Әрі қарай сөз алған Қуаныш Қалиұлы Жолдауда айтылған бес бағдардың маңызды тұстарына тоқталды.

-Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын арнап, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындап берді. Бұл Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген Жаңа, Әділ Қазақстанды құру жөніндегі саяси шешімдерінің жалғасы десек болады. Жолдауда Мемлекет басшысы негізінен әлеуметтік — экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын 5 бағдарды атап өтті.
Өз кезегінде Әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдау үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеді.
Сондай-ақ, ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды-, деді.

Кездесу соңында ауыл азаматтары Мемлекет басшысының Жолдауын қалың жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдап жатқанын аңғартты.

Бақытжан Бекболат
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық

филиалының баспасөз хатшысы