Жолды жөндеу жұмыстарына қолданылатын технологиялар
Бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Сіздерді республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарында қолданылатын технологиялармен таныстырады. Қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жол учаскілерін қалпына келтіру және жағдайын жақсарту үшін келесі технологиялар қолданылады:
1) Ресайклинг. Бұл технология асфальтбетон жабынын орналастырудан бұрын жол табанын нығыздау үшін қажет. Ресайклинг жол жабынын фрезамен өңдеу және оған цемент пен эмульсияны қосу арқылы жүзеге асады.
2) Тозығы жеткен телімді ауыстыру әдісі ескі жол жабынын алып тастау үшін қолданылады.
3) Микросюрфейсинг. Жол жабынын жұқа қабатты беткейлік өңдеу технологиясы. Тозу қабатын қалыптастыру үшін тез қалыптасатын эмульсионды-минералды құйма қоспа қолданылады.
4) Жаңартатын сұйықтық қоспалар. Цемент-асфальтбетон жабындарына арнайы жаңартатын қоспалар сіңіртіледі. Олар жабынды судан, ауадан, күн радиациясынан тиімді қорғайды. Сонымен қатар, бұл құрамдар атмосфералық әрекеттердің әсерінен бұзылған битумды және жабынды қалпына келтіруге үлесін қосады, жабынның суға төзімділігін сақтайды.