«Жомарт түлек» жобасы-игі істердің бастауы!
«Туған жердің торғайы тұрымтайдай көрінер, құлыны тайдай көрінер» демекші, адамға кіндік қаны тамған, ойнап-өскен жері қашан да ыстық болады.
Қарт Қаратаудың етегіндегі Талас ауданынан түлеп ұшып, бүгінде еліміздің әр өңірінде түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар туған ауылдарын ұмыт қалдырмайтынын мақтанышпен айта аламыз.
Туған жеріне, халқына қызмет ету, жақсылық жасау — ізгілікті іс.
Алдағы уақытта да жаны жомарт түлектердің қайырымды тірліктері жалғасын табатындығына сенімдіміз.
Жоба барысында мектепті табысты аяқтаған түлектер өз мектептері үшін өнегелі істер жасап, осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Осындай игі іс Көктал ауылында жүзеге асып, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің ауласында Жомарт түлек жобасы аясында скважина қазылуда.
Әрбір түлектің атамекеніне, білім алған ордасының көркеюіне үлес қосқаны — азаматтық парызы.
Мектеп түлектерінің осындай игі істері жас жеткіншектерді жігерлендіріп, патриоттық сезімдерін оятарына сеніміміз зор.
Міне, патриоттық сезімнің үздік үлгісі, туған жеріне, алтын ұя мектебіне деген құрмет осы емес пе?