Жомарттық-көркем мінездің ажырамас бөлігі

Қолдың ашықтығы, қайырымдылық және жақсылық атаулы – жомарттыққа тән қасиет. Жомарттық – мұқтаж жандарға қолындағы мүмкіндігіне қарай, рұқсат етілген шеңберде тек Алланың разылығын ғана ойлап, ешқандай алғыс немесе мақтау күтпестен риясыз жәрдем беруді білдіретін жоғары адамдық қасиет. Бұл қасиет – дарқан көңілдердің иелері әнбия, әулие және салих құлдарға тән Алланың құдіреті мен мейіріміне деген адал сенімнің белгісі. Күдіксіз, Алла Тағалаға деген кәміл иман нышандарының бірі – өзіндегі несібе-нығметтерді басқалардың бақыты үшін де жұмсай білу. Мүмін Алланың көркем есімдерінің бірі – Раззақ (ризық беруші) екенін біліп, Алла Тағаланың осы есімі арқылы бүкіл жаратылысқа құт-береке, өмірге қажетті барлық ризық-несібе беріліп тұр деп сенеді.

Құранда айтылғандай: «Жер бетіндегі жәндіктердің бәрінің ризығы Аллаға тән…»,-деп сенген адам қолындағы барын беруден қорықпайды, қайта қуанып, өзін бақытты сезінеді. Нығметтерді жіберген Жаратушысына шүкіршілік етеді. Қарымын ақыреттен күтіп, мал-мүлкін молынан береді.

Көркем мінездің ажырамас бөлігі – жомарттық. Құдіретті Жаратушымыз көптеген аяттарда мұсылмандарды жомарттыққа, дін жолында жақсылық жасауға шақырады. «Мұхаммед» сүресінің 38-аятында Алла Тағала:

«Негізі, сендер Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда, араларыңда сараңдар бар. Кімде-кім сараңдық жасаса, өзіне сараңдық жасағаны. Өйткені, Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан теріс айналсаңдар сендердің орындарыңа басқа қауым әкеледі. Оларсендерсекілдіболмайды»дейді.

Негізінде Алла ешкімнің бергеніне мұқтаж емес, бермеген адам өзіне сараңдық еткен болады. Алла дүние-мүлкін жақсылық жолында жұмсамайтын қауымның орнына басқа қауым жіберетінін айтып, ескерту жасайды. Олар иман мен тақуалыққа ие болып, Жаратқанның уәде еткен сауаптары мен жетістігіне жетеді.

Тағы бір аятта: «Алланың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерінде сараңдық еткендер, бұны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Жоқ,бұлоларғажамандықәкеледі.Сараңдықеткеннәрселеріқияметкүніолардыңмойнынаоралады.КөктерменжердіңмұрасыАлланыкі.АллаТағаласендердіңістегендеріңнентолықхабардар», – делінген.