«ЖОН ЖЕРІНЕ ЖЕТКІЗЕР ЖОЛ ЖАҢАРУДА»
Халық аузында «Көсегенің көк жоны» деп аталынып кеткен Түркістан ауылдық округінің орталығы Әшір Бүркітбаев ауылы мен Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласының арасындағы аудандық маңызы бар автокөлік жолының 8,56 шақырымы орташа жөндеуден өтіп жаңаруда.
«Аудандық маңызы бар Жаңатас-Түркістан автомобиль жолына орташа жөндеу» жұмыстарының жалпы сметалық құны – 233 466,0 мың теңге. Осы жұмысты атқарып жатқан Шымкент қаласының «Югдострой» ЖШС-і.
Мемлекетіміз тарапынан үлкен сомада қаржы бөлініп, жөнделіп жатқан автокөлік жолына «Жол қадірін жүрген біледі» демекші округ тұрғындары дән риза.
Жанысбек Байысбекұлы,
Түркістан ауылдық округі әкімі
аппаратының бөлімше басшысы