⚡️Жоспар нақтыланбай, мақсат айқындалмайды

Бүгінгі күні «AMANAT» партиясы бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Бастамалардың басым бөлігі өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Ол партиялық жобалардың артында аманаттықтардың еңбегі жатыр. Ал мұндай жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаса нәтиже де шамалы болатыны белгілі.
Осы орайда, бүгін аумақтық филиал төрағаларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңесті өткіздік. Жиында Т.Рысқұлов және Талас аудандық филиалдарының маусым-шілде айлары аралығында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Әрине, аталған аудандар да «AMANAT» партиясының жобалары тиімді жүзеге асырылуда. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес. Оларды түзету бойынша партия облыстық филиалы тарапынан ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, алдағы жоспарымызды нақтылап, алдағы іс-шаралар жоспарларымызды пысықтап алдық. Оның ішінде, «Қарызсыз қоғам», «Ауыл Аманаты», «Жер Аманаты», “ Құқықтық көмек” жобалары ары қарайда нәтижелі жұмыс жасалуын назарға алдық. Сондай-ақ, «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясы биыл да іске асырылатын болады. Сайлауалды бағдарламаны іске асыруда түрлі салаларды қамтитын Кеңестердің, Қоғамдық қабылдау бөлмелері мен партиялық бақылау комиссияларының алдағы жұмыстары да нақтыланды.
Партиямыздың қозғаушы күші – бастауыш партия ұйымдары. 3-ші тамыздан бастап БПҰ-дың есеп-беру сайлау жиналыстары өтеді. Партияның жергілікті жердегі халықпен жұмысының өзегі БПҰ-ға тікелей байланысты.
Осылайша апта сайын аудандық филиалдардың атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, сапасын бақылауға алып отырамыз.
#AMANAT

Дауыл Ынтықбайұлы