Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы саласы ілгерілеуде

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылы-ғын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Осы орайда Жер жаннаты — Жуалы. Батыр Бауыржанның ауылындағы ауылшаруашылығы саласындағы 2022 жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсек:
Жуалы ауданы бойынша Ауыл шаруашылығы жерлері 216 306 га, оның ішінде 95 449 га егістік, (жалпы суармалысы 8 707,5 га, оның ішінде суармалы егістігі 8460 га.) Шабындық 2 046 га, Жайылым 114 559 га, көп жылдық екпелер 265 га, басқа да жерлер 4 017 га.
2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының орналастыру кестесі.
1) Күздік бидай – 9700 га,
2) Жаздық арпа – 29 100 га,
3) Майлы дақылдар – 22 120 га,
4) Картоп – 2 725 га,
5) Көкөніс – 745 га,
6) Дәндік жүгері – 340 га,
7) Бақша – 10 га,
8) Көп жылдық шөптер – 31 640га ( сүрлемдік жүгері -870 га, жаңа жоңышқа – 3815 га, көп жылдық шөп -26 955 га).
Мал азығын дайындау барысы бойынша: Аудан бойынша мал азығы дақылдары 35 530 гектарда орналасқан. Оның ішінде өткен жылдардағы көп жылдық шөп 31 640 га, сүрлемдік жүгері 870 га, және 3020 га табиғи шөптер.
2022 жылы мал азығы пішен 155 300 тонна, пішендеме 12 500 тонна, сабан 41 900 тонна және сүрлем 12 000 тонна дайындау жоспарлануда. Бүгінгі күнге 30630 га шөп орылып, дайындалғаны пішен – 127 230 тонна (81,1 пайыз) және пішендеме — 12520 тонна (100,2 пайыз).
Сонымен қатар сүр (пар) көтеру және өндеу жұмыстары бойынша 979 га (100 пайыз) көтерілді, бірінші өндеу 979 га толығымен өнделіп, жұмыс жалғасуда.

Техника.
Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 634 тракторлар, 158 комбайндар, 790 тіркемелер тіркелген. Барлығы 1582 дана.
Жалпы аудан бойынша мал азығын дайындауға қатысатын 634 дана — тракторлар, 51дана — мал азығын оратын комбайндар, шөп тайлағыштар – 60 дана, 193 дана жүк автомобильдері, 192 дана әртүрлі тіркемелер тіркелген. Бүгінгі күнге барлық ауылдық округтерде мал азығын дайындау жұмыстары толық атқарылуда.
Үстіміздегі жылы жаңа техникалар алу жоспары 174 техника, 11 пайыз. Бүгінгі күнге 303,2 млн. теңгеге 37 жаңа техникалары алынды. Орындалуы – 19,5 пайыз. Жұмыс жалғасуда.
Жанар-жағар май бойынша.
2022 жылдың көктемгі-күзгі дала жұмыстарына қажетті кепілдендірілген дизель отынын тарату қызметтерін атқаратын «Ақ қайың» ЖШС –гі. Көктемгі дала жұмыстарына жоспар бойынша 1300 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Ақпан айына 291 тонна, наурызға айына 314 тонна, сәуірге 310 тн, мамыр айына бөлінгені 325 тонна,жеткізілгені 304,793 тонна, таратылғаны 304,793 тонна. Қалдық жоқ толық таратылды.
Күзгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағар май барлық ауылдық округтерден жинақталып, ауыл шаруашылығы басқармасына 2015 тоннаға тапсырыс берілді, шілде -520 тн, тамыз -520 тн, қыркүйек -520 тн және қазанға -455 тн. 1 литр жанар жағар май бағасы 194 теңгеден
Минералды тыңайтқыш.
2022 жылғы жоспар 4 879,5 тонна (2021 жылы 4 798,1 тонна алынған). Бүгінгі күнге 298 ш/қ 4 3985,7 тонна тыңайтқышқа келісім шартқа тұрған. Алынғаны 3 517,9 тонна, оның ішінде а/селитра — 2 393,0 тонна, аммофос – 723,9 тонна және басқа түрлері – 401,0 тонна. Орындалуы 72,1 пайыз. Субсидия алуға өтінім берген 170 шқ, 3 345,0 тоннаға. Жұмыс жалғасуда.
«Каз Азот» компаниясы ауданға қажетті аммиакты селитра минералды тыңайтқыштарын аудан орталығындағы астық сақтау қоймасынан босатуда.
Ауыл шаруашылығы өнімінің 2022 жылдың 1 мамырына жалпы шығарымы 8 млрд. 030,1 млн. теңгені құрады немесе нақты көлем индексі 101,7 пайызды құрады (2021 жылы 6 337,5 млрд тенге 101,2 пайыз).
Ет өндіру 2 429,0 тн (2021 ж 2 401,0 тн 101,2 пайыз). сүт өндіру 16 201,0 тн (2021 ж 16 078 тн 100,8 пайыз), тұқым 1 292,0 мың дана ( 2021 ж 1 291 дана 100,1 пайыз) өнім алынды.
Мал басы: Мүйізді ірі қара 53 448 бас , қой-ешкі 276 620 бас, жылқы 16 670 бас, шошқа 289 бас, құстар 127 779 басты құрап отыр ( 2021 жылы МІҚ 52 727бас 101,4 пайыз, МІМ 274 807 бас 100,6 пайыз, Жылқы 15 832 бас 105,3 пайыз, шошқа 265 бас 109,1 пайыз, құс 125 603 бас 101,7 пайыз).

Көркем Асқар