Жуалы ауданында «Төлеген» шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығын қатар алып келе жатыр
Жуалы ауданында «Төлеген» шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығын қатар алып келе жатыр
Шаруа қожалық биыл арпаның әрбір гектарынан орта есеппен 20, бидайдан 22 центнерден өнім жинады. Бұдан бөлек, 30 гектар картоп, 70 гектар жүгері егілген. Сол себепті өңірде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Соның бірі — «Сыбаға» бағдарламасы.
Бүгінде шаруа қожақта 230 бас аналық сиыр бар. Күніне «СМТС» сүт компаниясына 800- 900 литр сүт өткізеді. Осыдан үш жыл бұрын, асыл тұқымды сауынды сиыр басын көбейту үшін «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы 60 миллион теңге несие алып, оған өз қалтасынан 4 миллион теңге қосып, Чехиядан 64 бас «Семминталь» асыл тұқымды таналарды әкелген.
Жуалы ауданы