🔰Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй, жер, жұмыс сынды бір қатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.