🔰 ЖУАЛЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ
Бүгін еліміз үшін ұлық мереке – Республика күні! Ауданымызда «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы аясында «Жасай бер, Қазақстан!» саябағында Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өткізілді.
Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Асхат Жабағы тарихи күннің маңыздылығын айтып, жиылған көпшілікті мерекемен құттықтады.
Жуалы аудандық «Қызғалдақ» халықтық ән-би ансамблінің ұжымы патриоттық музыкалық әуендер шырқады. Мерекені айшықтай түсу мақсатында аудан тұрғындарына KORZINKA көтерме маркетінің алдында өнерпаздардың өнерлері тарту етілді.