Жуалыда  ұлттық ойындар ұлықталды

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық Орталық стадионда ұлттық спорт түрлерінен аудандық турнир болып өтті.
Бас партияның Саяси Доктринасын іске асыру аясында өткізіліп отырған бұл турнирге ауданнан 500-ге жуық адам қатысты.

Турнир соңында демеуші болған халық қалаулысы Әлімбек Жұмабаев салтанатты түрде бірінші орын алған жеңімпаздарға 200 мың теңге, екінші орынға – 150 мың теңге және үшінші орынға — 100 мың теңге тапсырды.