ЖУАЛЫЛЫҚ АҚСАҚАЛ ОБЛЫСТЫҚ БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫНДА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Таразда “батамен ел көгерер” тақырыбында облыстық байқау өтті. Байқауға өңірдегі әр ауданнан 13 үміткер өтінім беріп, оның 9-ы қатысқан.
Байқауға баға берген қазылар алқасының шешімімен Жуалы ауданынан қатысқан ақсақал Сейтқазы Медетбеков I-орынды жеңіп алып, сайыстың жеңімпазы деп танылды.
Мерке ауданы Белгібай Айнақұлов ақсақал II-орынды,
Жамбыл ауданы Рысбаев Орынбай III-орын иеленді.
Бұл үш жеңімпаз ақсақал наурыз айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер табысталса, өзге ауданнан келген үміткерлерге де демеушілік тарапынан сыйлықтар берілді.
Ардагер ақсақалымызды жеңісімен құттықтап, алдағы байқауларда сәттілік тілейміз.