ЖУАЛЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР КӨҢІЛДІ КЕШ СЫЙЛАДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Жуалы ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.

Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шарада Жуалы ауданы көркемөнерепаздары әсем ән шырқады.
Бағдарлама «Қызғалдақ» би тобының «Көңілді бикештер» биімен басталып, «Жуалының тау самалы», «Ұлы дала», «Саржайлау», «Қазақстаным», «Жуалым», «Елге тілек», «Ауылға сағыныш», «Қазағымсың» секілді бірқатар патриоттық шығармаларға ұласты.
Сондай-ақ, «Бағалайық бақытты», «Күзгі бақ», «Әдемі», «Әппағым менің», «Арманыма асығып барам», «Мерейлі отбасы», «Ағайын» т.б бірқатар заманауи әндер шырқалып, «Қызғалдақ» би тобының «Орыс биі» сахналанды.

Концерттік бағдарлама соңын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қортындылады.

#Жамбыл_мәдениет

#жуалыауданы