Бүгін «AMANAT» партиясының атынан барлығы 37 Референдум учаскесінде 37 өкіл дауыс берудің ашық және әділ өтуін бақылауда.
Партия өкілдерінің соңғы ақпараттарына сүйенсек Референдум учаскесіне келіп жатқан дауыс берушілер өздерін санаулы минуттар ішінде тізімнен тауып, өз таңдауларын жасап жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, ешқандай заң бұзушылық фактілері тіркелмегендігін атап өтті.
Барлығы 14 ауылдық округтің тұрғындары дауыс беруде белсенділік танытуда. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек қазіргі таңда 20 000 жуық тұрғын өз таңдауын жасап үлгерді.