Жұқпалы ауруларға қарсы екпелерді ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес алу қажет.

Ауруды кейін емдеуге қарағанда, алдын ала ескерту жеңілірек. Әсіресе, ауыр инфекцияларға қатысты гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және тағы басқа да аурулар. Осы аурулардың алдын алу мақсатында елімізде екпе жүргізіледі. Алматы қаласының Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қандай екпелер міндетті болып табылатыны туралы айтылады.

ҚР Үкіметінің 24.09.2020 ж. № 612 Қаулысына сәйкес балаларға жоспарлы профилактикалық егулер ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық міндетті екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады.

Барлық міндетті екпелер (мемлекеттік емханада немесе тіркелген жеке емханада) бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Осылайша, тіркелген емханадағы балаларға міндетті профилактикалық екпелер тегін салынады. Олардың тізімі ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген.

Тегін екпе. Бұл:

  • туберкулезден (БЦЖ),
  • гепатитке қарсы,
  • полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС),
  • В типті гемофильді инфекция,
  • сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы екпе,
  • қызылша, қызамық және паротит инфекциясы.

Жеке емханаларда сіздің балаңызға екпе ақылы түрде жасалады. Екпені тек медициналық мекемелерде жасау ұсынылады, өйткені барлық екпелер арнайы сақтау жағдайларын қажет етеді. Екпені кешіктіріп алу балаға ауруды «жұқтырып алу» қаупіне ұшыратады. Сонымен, балаларға қандай уақытта егу ұсынылады.

ҚР жоспарлы екпелері:

  • Бірінші- перзентханада, 1-4 күндерде — туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы егулер жүргізіледі.
  • 2 айдың ішінде сәбилерге гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС) және В типті гемофильді инфекцияға қарсы кешенді екпе, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы екпе салынады.
  • 3 айда көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС), полиомиелитке және В типті гемофильді инфекцияға қарсы қайталама егулер жасалады.
  • Соңғы егулер бір жылға дейін – 4 айда 3 кезеңді гепатитке, полиомиелитке, В типті гемофильді инфекцияға және көкжөтелге, дифтерия және сіреспеге қарсы егу, сондай-ақ, 2-ші егу пневмококкты инфекцияға қарсы салынады.
  • 12-15 ай аралығында қызылшаға, қызамыққа және паротит инфекциясына қарсы екпе жасау, сондай-ақ, полиомиелитке және пневмококк инфекциясына қарсы екпе алуды қайталау қажет болады;
  • 1,5 жаста – АКДС ревакцинациясы, полиомиелит және В типті гемофильді инфекция. Тағы да, мектеп жасындағы балаларды бірнеше екпе алады:
  • 6 жаста (демек,1-ші сыныпта) қызылшаға, көкжөтелге, қызамыққа, паротитке қарсы және АбКДС-ға екпесі жасалады.
  • 16 жаста – сіреспе мен дифтерияға қарсы екпе (ads-m), оны әр 10 жыл сайын қайталап тұру қажет.

Біздің елімізде жоспарлы екпелерді балалар туылғанынан бастап, ал ересектер әр 10 жыл сайын екпе алу қажет. Айта кететін болсақ, Алматы қаласында 30 қыркүйек 2024 жылдан бастап адам папилломасы вирусына қарсы тағы бір екпе ҚР Үкіметінің 20.02.2024ж. №102 қаулысына сәйкес қосылды.

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 11 жастағы әрбір қыз бірінші егуді, әрі қарай 6 ай өткен соң қайта егуді алуы тиіс.

 

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

В.И.Конеева

 

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

эпидемиологиялық бақылау және қадағалау

бөлімінің басшысы Н.Д.Раева